ҚР Президенті Жарлығымен Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақо...
Қазақстан аймақтарында 9 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады
Видеодан скриншот
ҚР аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады. Бұл туралы Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.
«ҚР аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде түнде жауын-шашын (жаңбыр жауып, қарға ұласады), күндіз жаңбыр жауады, облыстың оңтүстік-шығыс таулы аудандарында жауын-шашын болжануда, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр), облыстың шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып найзағай күтіледі. Тек еліміздің батысында, оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы болады деп күтілуде. ҚР бойынша тұман, желдің күшеюі, елдің солтүстігінде көктайғақ, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында дауыл, бұршақ күтіледі», - деді Алина Исмагулова.