Еңбекмині су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеуді жүзеге асырмайды

Фото интернеттен

Жаңалықтар
449

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлейтіні туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, madeniportal.kz хабарлайды. 

Еңбекмині су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлемдерін жүзеге асыратыны туралы әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде жалған ақпарат таратылуда. Белгісіз тұлғалар төлемдерді алу үшін «Толығырақ» батырмасын басуды немесе сілтемеге өтуді ұсынады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға жергілікті атқарушы органдар біржолғы төлем түрінде көмек көрсетеді. Олардың мөлшері әр өңірде келтірілген материалдық залалды есептеу үшін құрылған арнайы комиссиялардың шешімі бойынша жеке-жеке белгіленетін болады. 

Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтардың азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін ешбір жағдайда сілтемеге өтпеуге кеңес береміз.

Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады.

Азаматтарды тек қана ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамыз.

Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз.

Жаңалықтар

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қ...

Спорт

Қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Гэрри арасындағы айқасқа екі аптадан сәл-ақ астам у...