Астанада көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде орналасқан фитнес орталығы өртенді

Фото: ТЖМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
2678

Астанада жеті қабатты тұрғын үйде орналасқан фитнес орталық өртенді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

“Сарайшық ауданының Ш.Қалдаяқов көшесінде орналасқан 7 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында фитнес орталығының бу бөлмесінде өрт шықты”, делінген хабарламада.

ТЖМ құтқарушылары өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр.