Қазақстандық танымал актер өзінен 21 жас кіші қызға үйленіп, елдің сынына қалды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2289

Қазақстандық актер Нүркен Иманқұлов жуырда жас аруға үйленіп, дүркіретіп той жасады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы ол өзінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында жариялады.

Актердің сүйіктісінің есімі – Мереке екенін атап өтті.

"Әкем мен анам ресми түрде құда болды. Қызметте жүрген барлық бауырларыма отбасымның атынан үлкен алғыс. Өте қуаныштымын", – деп жазды өнер иесі.

Әлеуметтік желі қолданушылары актердің жары өзінен 21 жасқа кіші екенін жарыса жазуда. Сондай-ақ, бұл оның екінші некесі екені туралы да пікірлер айтылып жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына байланысты қаралып жатқан іс прокурорға қайта жолданды....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты блогер Ерб...