«Барлық ескерту жүйелері дереу іске қосылды. Құтқарушылар халықты эвакуациялау сондай-ақ нысандар мен тұрғын үйлерді қорғау бойынша ісшаралар жүргізіліп жатыр. Атбасар қаласында да төтенше жағдай жарияланды. Қазіргі уақытта мотопомпалардың көмегімен еріген суды сору жұмыстары жүргізілуде. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің 400-ден астам адамы мен 100 бірлік техникасы жұмылдырылды», - дейді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Ерсайын Қойшыбаев.
Ведомствоның мәліметінше қаланың №1 орта мектебі мен коррекциялық білім беру орны және бірнеше жер үйлер суға кеткен. Құтқарушылар адамдарды эвакуациялау шараларын жүргізуде.