Пойыз билетін кімдер 50% жеңілдікпен сатып ала алады?

Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ

ЖАҢАЛЫҚТАР
569

Елімізде белгілі бір санатқа жататын азаматтар теміржол билетін 50% жеңілдікпен ала алады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ kaz.inform.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Теміржол көлігі — Қазақстанда әлі күнге дейін ең танымал көлік түрлерінің бірі. Алайда, қазіргі заңнама мен тасымалдау ережелеріне сәйкес жолаушылар пойыздарында толықтай тегін қатынау мүмкін емес. Дегенмен, азаматтардың белгілі бір санаты теміржол билеттерін сатып алу кезінде жеңілдіктерге ие бола алады.

Жеңілдікке құқығы бар азаматтар:

I, II және III топтағы мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалар (растайтын құжаттары болған жағдайда).

Мүгедектігі бар адамдарды алып жүретін адамдарға билеттің құнынан 50% жеңілдік беріледі.
7 жасқа дейінгі балалар жеке орынсыз тегін жүре алады. Ал жеке орын талап етілген жағдайда, оларға 50%- жеңілдік бар.

7 мен 15 жас аралығындағы оқушылар үшін 50% жеңілдік бар.

Мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік маңызы бар бағыттарда 50% мөлшерінде жеңілдік қарастырылған. «Тальго» типті коммерциялық пойыздарда да бұл жеңілдіктер қолданылады, бірақ тек арнайы купелерге ғана бар және еріп жүрген адам да жеңілдік алады.

Жеңілдікпен билет алу тәртібі

Мүгедектігі бар адамдар билетті жеңілдікпен онлайн алу үшін өздерінің ЖСН және мүгедектік туралы анықтама нөмірін енгізіп, рәсімдей алады. Енді бұрынғыдай әлеуметтік ID кодының алты таңбалы нөмірін енгізудің қажеті жоқ.

— Билеттерді сатып алу кезінде барлық деректер автоматты түрде тексеріледі. Бұл теміржол билеттерін сату жүйесін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректер базасымен интеграциялау нәтижесінде мүмкін болды, — дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз хатшысы Нариман Дүйсекеев.
Билетті bilet.railways.kz ресми порталынан, «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасынан немесе басқа интернет-платформалардан сатып алуға болады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Премьер-министр елде қосылған құн салығының 12 пайыздан 20 пайызға дейін артуы мүмкін екенін мәлімде...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астаналық массажист Замир Байковты ұрып кеткені жайлы оның туған ағасы Дамир әлеуметтік желіде жаз...