«Көп нәрсені жасырып жүрдім»: Дариға Бадықова бұрынғы күйеуінің үстінен арыз түсірді

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
798

Актриса әрі продюсер Дариға Бадықова даулы сұхбаттан кейін бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаевқа қарсы арыз жазды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ .

Бұл туралы Massaget.kz жазды.

5 қазанда "Уақыт көрсетеді" YouTube арнасында актер Дархан Мұсаевтың сұхбаты жарияланды. Ол Дариға Бадықовамен неге ажырасқанын, 16 жылдық отбасылық өмірі туралы айтты.

Кейінірек актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады.

"Киномның алдында, сонша төккен еңбегімнің, адал терімнің алдында өмірімді күлге айналдырмақ болған әрекет тек мені емес, өнердің өзін де қорлау деп білемін. Мен халыққа жеке өмірімді емес, жүрегімді, еңбегімді, өнерімді ұсынып келдім. Әрдайым өнер бөлек, жеке өмір бөлек деген позицияда болдым. Әйтпесе хайп қуамын десем айтар нәрсе жетеді менде де! ...Менің де шындығым бар және ол шындық та айтылар күнге жетті. Осы күнге дейін көп нәрсені жасырып жүрдім", - деді ол.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...