Каспий маңында жер сілкінді

Фото интернеттен

Жаңалықтар
495

Жер сілкінісі Каспий теңізінің маңында болды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Жер асты дүмпулерін сейсмикалық станциялар желісі 23 сәуірде Астана уақыты бойынша сағат 00:09-да тіркеді.

"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан батысқа қарай 1913 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,6. MPV, магнитудасы 4,4", - делінген хабарламада.

Қазақстан аумағында сезілетіндігі туралы мәліметтер жоқ. 

Естеріңізге сала кетейік, 12 сәуірде Алматы тұрғындары Қытай аумағында болған жер сілкінісін сезген болатын.

Спорт

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-ойыншысы Ұлан Қонысбаев Euro-football.ru сайтына берген с...

Жаңалықтар

Бұл ерекше жүздесу Лондонда өтті. Ең ұзын және ең қысқа әйелдер кездесіп, бірге шәй ішіп, әңгімелест...