Cу тасқынына байланысты 4 облыста көлік қозғалысы шектелді

Фотосурет: Ашық дереккөзден

Жаңалықтар
86

Қазақстанның 4 облысында (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 8 автожолда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

«ҚазАвтоЖол» компаниясының мәліметінше, сағат 09:00-дағы жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 2 облыста (СҚО, Қостанай) 4 автожолда жалпы ұзындығы 4300 метр болатын су тасқыны болды.

4 облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолдарында (ұзындығы 463 км) қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазір республикалық жолдарда 417 бірлік техника мен 896 адам жұмылдырылған.

Жаңалықтар

Түркістан облысында «Шымкент-Самара» автожолында оқушылар мінген газель отқа оранды, деп...

Жаңалықтар

Соның кесірінен қанша адам оққа ұшып, қаншасы жараланғанын айтпағанда, соғыстың адам санасын қанша у...