Жайық өзені қауіпті деңгейге жетіп қалды

Фото: БҚО ТЖД баспасөз қызметі

Жаңалықтар
1295

БҚО-дағы су тасқыны бойынша жағдай күрделі.  Жайық өзені қауіпті деңгейге жетіп қалды. Өңірде 20 күн бұрын төтенше жағдай жарияланған,  – деп хабарлайды madeniportal.kz.

Орал қаласы мен 4 ауданда су басу қаупі сақталады. Еріген қар суынан төнген қауіп сейілді. Алайда Жайық өзеніндегі су деңгейі қарқынды көтеріліп жатыр. Соңғы тәулікте су деңгейі 34 см-ге дейін көтерілді. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы ТЖД ресми өкілі Төлеуіш Нұржан ОКҚ брифингінде мәлім етті.

«Жайықтың деңгейі 8 м 24 см-ді құрап отыр. Ал оның қауіпті деңгейі 8 м 50 см. Қауіпті межеге жетіп қалдық. Сол себепті облыс бойынша Жайық жағасын көтеру, нығайту, дамбаларды қою, қапшық толтыру, төсеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. 14 өңірден қосымша күш-құралдар келіп жетті. Барлық жұмысқа 10 519 адам, 1 784 бірлік техника, 212 су тарту құралы, 4 әуекемесі жұмылдырылды», – деді спикер.

24-25 сәуірде Шаған өзенінде су шарықтау шегіне жетеді деген болжам бар. Облыстың 9 ауданы жол-көлік қатынасынсыз қалып тұр. Соңғы тәуілкте 38 адам эвакуацияланды. Мектептер мен колледж студенттері қашықтан оқып жатыр. Жатақханалар эвакуациялық пункттерге берілді.

Жаңалықтар

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қ...

Спорт

Қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Гэрри арасындағы айқасқа екі аптадан сәл-ақ астам у...