Түркияда «Томирис» фильмінің тұсаукесері өтті

КИНО
1360

2021 жылғы 31 тамызда Ыстанбұлда «Томирис» фильмінің Түркиядағы премьерасы өтті, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".

Тарихи драманың бауырлас елдегі алғашқы көрсетіліміне фильмнің режиссері Ақан Сатаев және басты рөлді сомдаған актриса Альмира Тұрсын арнайы қонақ болды. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған премьераға, сондай-ақ, Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы мен Ыстанбұлдағы Бас консулы Әлім Байел, Түркияның саясаткерлері, жергілікті зиялы қауым өкілдері және Ыстанбұлдағы қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. 

Ұлы даланың тарихын тартымды түрде паш еткен отандық фильмді жиналған көрермендер ыстық ықыласпен қабыл алды. Осы ретте Томирис ханшайымның Түркияда да танымал тарихи тұлға екенін, оның есімінің қыздарға берілетінін айта кету керек. Аталған кинотуынды 3 қыркүйектен бастап Түркиядағы екі жүзден астам кинотеатрларда көрсетілімге шығып, қалың көрерменге жол тартады.

Тәуелсіздікке арналған меркелік іс-шаралардың жалғасатынын айтқан Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы Ә. Байел «Томирис» кинокартинасының Түркияның мәдени өміріндегі үлкен оқиғаға айналып, бауырлас халықтарды одан сайын жақындата түсетініне деген сенімін білдірді.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Нью-Йорктің Оңтүстік округіндегі рэпер әрі продюсер П.Диддиге қарсы тағы 2 арыз түсті, деп хабарлайд...

Жаңалықтар

Француз қонақ үйінің қызметкері 16 жыл өткеннен кейін студент қызға қол тигізгені үшін түрмеге қамал...