Тұңғышбай Жаманқұловпен дуэт болған Бақаева көпшілікті сүйсінтті (фото)

ЖАҢАЛЫҚТАР
3310

Өткен аптада ұлттық арнада бастау алған "Екі жұлдыз" жобасының екінші сегіздігі көрерменге таныстырылып, олар өзара бақ сынады. Жарыста жарқыраған өнер иелерінің арасында әйгілі актер Тұңғышбай Жаманқұлов пен актриса әрі әнші Салтанат Бақаеваның жұбы жоғары ұпай иеленіп, елдің ыстық ықыласына бөленді деп жазады KAZ.NUR.KZ

Алматыдағы М. Әуезов атындағы драма тетарында қызмет ететін қос әртіс байқаудың бірінші кезеңінде патриоттық ән шырқады.

Олар Батырхан Шүкеновтің репертуарындағы "Отан әнін" таңдаған.

Қазылар алқасы Жаманқұлов пен Бақаеваның орындауына риза болып, ең жоғары деген ұпайлармен бағалады. Сондай-ақ, бағдарлама ережесі бойынша залдағы көрермендер де дауыс беріп, аталмыш жұп қатысушылар арасында көш бастады.

Жобаны көгілдір экраннан тамашалаған телекөрермендер де Тұңғышбай Жаманқұлов пен Салтанат Бақаеваға қолдау көрсетіп, желі арқылы жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

author

Әл-Тарази Тұңғышбай

ӘНШІ

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал журналист Руслан Өтепбай жылдар бойы туған ағасы зорлап келген жасөспірімнің жағдайын айтты,...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Елордада 12-18 мамыр аралығында Репродуктивті денсаулық апталығы басталды, деп хабарлады  MADEN...