Qoldau.gov.kz порталы іске қосылды

Фото: ortcom.kz

Жаңалықтар
372

Су тасқынынан зардап шеккен бірде-бір қазақстандық мемлекеттің қолдауынан тыс қалмайды. Осы орайда Egov.kz негізінде Qoldau.gov.kz порталы әзірленді. Онда мемлекеттік және уәкілетті органдар атқарып жатқан шаралар мен оларды жүзеге асыру, көрсетілетін көмек туралы ақпарат жарияланады. Барлық дерек дер кезінде жаңартылып, тиімді форматта көрсетіледі. Бұл туралы ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов ОКҚ алаңында хабарлады. 

«Азаматтарды қолдау, бизнес өкілдерін қолдауды осы платформа арқылы кез келген азаматтың көріп отыруына мүмкіндік бар. Бұған қоса, әрбір азамат немесе ШОБ өкілі, соның ішінде ауыл шаруашылығы қожалығының өкілдері осы мобильді қосымшаға кіріп, тиімді пайдалану үшін өздерінің өтініштерін жүктей алады. Өтініштің қаралуы цифрлық онлайн режимде қарауға толық мүмкіндік бар», – деді спикер. 

Порталда азаматтарды қолдау, өтемақы алу, оның түрлері, зардап шеккен тұрғын үйлерді қайта салу бойынша өтініш қабылдау функциясы бар.

Жаңалықтар

Атырауда 5-қабаттан құлаған бала жансақтау бөлімінен палатаға шығарылды, деп хабарлайды madeniportal...

Жаңалықтар

Ақтауда кәмелет жасына толмаған қыздардың соққыға жығылғаны видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды mad...