Қарағандылық құтқарушылар Солтүстік Қазақстан облысынан оралды

gov.kz

Жаңалықтар
145

Қарағанды облысының құтқарушылары Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынына қарсы жұмыстарды жүргізу бойынша алдарына қойылған міндеттерді орындап, үйлеріне оралды. Қызметкерлерді ТЖД басшылығы мен туыстары қарсы алды, деп хабарлайды madeniportal.kz gov.kz сайтына сілтеме жасай отырып. 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, көрсетілген көмек үшін қарағандылықтар Қызылжар ауданы әкімі орынбасарының алғыс хатын алды. Ол Қарағанды облысы ТЖД басшылығы мен жеке құрамға алғысын білдірді.

"Біз жеке құрамға батылдығы үшін, қызметкерлеріміздің отбасыларына – шыдамдылығы үшін алғыс айтамыз", – деп атап өтілген алғыс хатта.

 

Жаңалықтар

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі ми...

Жаңалықтар

Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы "асқан қатыгездікпен қинап өлтірді" деп айыпталған экс-министр Қу...