«Евровидение-2018» балалар ән сайысына қатысу үшін ұлттық іріктеу байқауы өтеді

Жаңалықтар
644

«Хабар» арнасы балалар арасында өтетін «Евровидение-2018» ән байқауын тікелей эфирде көрсетеді. Бұл халықаралық шараға Қазақстан алғаш рет қатысады. Ел намысын қорғайтын әншінің аты-жөні әзірге белгісіз. Қазанның 8-іне дейін ұлттық іріктеу байқауы өтеді. Мамандар биылғы өнер жарысы алдыңғы жылдармен салыстырғанда қызықты өтеді деп болжайды. Себебі байқауға 19 мемлекет қатысатынын растады. 

Еске салайық, биыл өнер додасы 25 қарашада Беларусь астанасы Минскте өтеді. Оған 9-14 жас аралығындағы жас әншілер қатысады.  

Алан Әжібаев, «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы:

 - «Евровидение-2018» балалар ән байқауының ұйымдастырушылары өздері әзірлеген бейнероликтер мен баспасөз хабарламаларында Қазақстанның қатысатынын ерекше атап өтті. Бізбен бірге бұл сайысқа алғаш рет Уэльс елі де қатысады. Сол себепті бұл жыл біздің агенттік және көрермендеріміз үшін тарихта қалатыныны сөзсіз

Жаңалықтар

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы Мамыраев ауылына қарасты Сартау қыстағында бірден 14 бұзау қы...

Жаңалықтар

Астана әкімдігі Қазақстандағы негізгі футбол стадионы "Астана Аренада" жөндеу жұмыстары қашан аяқтал...