Қостанайдан Алматыға ұшып бара жатқан жолаушы ұшақта қайтыс болды

Фото интернеттен

Жаңалықтар
2774

Қостанайдан Алматыға ұшып бара жатқан FlyArystan әуекомпаниясының ұшағында бір ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды madeniportal.kz "Қостанай жаңалықтары" сайтына сілтеме жасай отырып.

Әуекомпанияда Қостанай - Алматы бағыты бойынша X7141 рейсін орындау кезінде жолаушылардың бірі ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай өзін нашар сезінгені айтылды. Осыған байланысты Борт Астанаға шұғыл қонды.

Стюардессалар жолаушының импульсі мен тыныс алуын тексерді, бірақ ол ешбір белгі бермеген. Нұсқауларға сәйкес, экипаж алғашқы медициналық көмекке кірісіп, жолаушылар арасынан дәрігер іздеп тауып, содан кейін стюардессалар дәрігермен бірге дефибрилляторды қолдана отырып, жүрек-өкпе реанимациясын жүргізген.

"Командирдің шешімі бойынша ұшақ жолаушыға медициналық көмек көрсету үшін Астана қаласының әуежайына шұғыл қонды. Әуе компаниясының стюардессалары әуежайға келгенге дейін жүрек-өкпе реанимациясын жалғастырды. Өкінішке қарай, Астана әуежайының дәрігері жолаушының қайтыс болғанын растады. Әуекомпания жолаушының туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады", - делінген әуекомпанияның хабарламасында.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...