"Күйеуі мүлде іздемепті": Оралда үш баланың анасы табылмай жатыр

Фото: Nemolchi.kz

Жаңалықтар
765

Оралда үш баланың анасы Айнагүл жоғалып кетті, оның кіші ұлы небәрі 4 жаста, деп хабарлайды madeniportal.kz. Жақындарының айтуы бойынша, ол күйеуінің жүйелі зорлық-зомбылығына қарамастан, ешқашан балаларын тастап, үйден кетпеген.

"Немолчи.кз" қорының басшысы Дина Таңсәрі хабарлағандай, Айнагүлдің әріптестері оның жоғалуын күмәнді деп отыр.

"Себебі оның күйеуі бір апта бойы полицияға арызданбаған. Полиция қызметкерлері оның үйіне келгенде ғана арыз жазуға мәжбүр болған. Айнагүлдің ата-анасы жоқ, алыс туыстары ғана бар. Полициядан осы істі назарға алып, бақылауын сұраймыз. Күйеуі жалдамалы пәтерінен көшіп кеткені белгілі. Мүмкін, ұрып-соғудың, зорлық-зомбылықтың кейбір заттай дәлелдері жоғалып кеткен шығар",- дейді Дина Таңсәрі.

Сондай-ақ  #Немолчикз Орал қаласының  тұрғындарынан Айнагүл жайлы бірдеңе белгілі болса, полицияға немесе +77051510000 сенім телефонына хабарлауды сұрайды.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...