Румынияда жеңіл моторлы ұшақ құлады

Ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
1730

Екі адам мінген жеңіл моторлы ұшақ Румынияның Орэштие қаласының маңында апатқа ұшырады, деп хабарлады madeniportal.kz.

Бұл туралы Хунедоара уезінің төтенше жағдайлар жөніндегі инспекциясы Facebook желісіндегі ресми парақшасында хабарлады.

“Екі адам отырған шағын ұшақ сейсенбі күні түс кезінде Орэштие муниципалитетіндегі демалыс аймағының маңында құлады. Өкінішке қарай, ұшақтың пилоты алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жолаушы ес-түссіз күйде табылып, дәрігерлер оның жағдайын тұрақтандырып, жақын маңдағы ауруханаға жеткізгені айтылды.

Оқиға орнына жергілікті өрт сөндіру жасағы мен сарапшылар келген. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...