«Айыптаудың қажеті жоқ»: Нұрлан имам жаңа жыл тойлайтындарға қатысты ойын айтты

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
623

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, болмай ма деген сауал туындап, бұл мәселе төңірегінде пікірталастар жиілей түсті. Тіпті кей жағдайда адамдар бір-бірімен сөзге келіп жатады. Осыған байланысты имам Нұрлан Асанов аталған мәселеге қатысты өз жауабын берді деп хабарлайды MadeniPortal.kz Sn.kz ақпарат порталына сілтеп.

Имам Нұрлан Асановтың айтуынша, ислам дінінде Жаңа жыл, Наурыз, тіпті Конституция күні немесе Республика күні секілді мемлекеттік мерекелер арнайы бекітілмеген. Алайда «дінде жоқ» деген уәжбен мұндай күндерді мүлде жоққа шығарып, оларды қоғамнан шеттету дұрыс емес.

Оның сөзінше, мұндай көзқарас қоғамды бөлшектеп, елдік санадан алыстатуы мүмкін.

«Біз зайырлы мемлекетте тұрамыз.Әр зайырлы мемлекеттің өзінің мерекесі бар.Сондықтан әр нәрсе өз жөнімен болу керек»

 Сондай-ақ имам адамдарды бір-біріне «кәпір», «дінсіз» деп айыптаудың қажеті жоқ екенін айтып, әр нәрсе өз жолымен болғаны дұрыс екенін жеткізді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда резонанс тудырған оқиға болды: Ақкент шағынауданындағы тұрғын үйдің подъезінде ер адам қызғ...

ТЕАТР

Актер үшін интеллектуалды даму маңызды екені сөзсіз. Қазіргі қазақ театр сахнасында режиссерлік бағы...