Қазақстан мен Түркия бірлесіп Жошы хан туралы сериал түсіреді

Фото интернеттен

Жаңалықтар
646

Биыл күзде Жошы хан туралы деректі-драмалық телехикаяның түсірілімі басталады, деп хабарлайды madeniportal.kz «Dara» президенттік бастамалар қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы ханның өміріне арналған ағылшын тіліндегі гибридті деректі-драмалық телехикая алты сериядан тұрады. Сериалдың сюжеті Жошы ханның өмір тарихының призмасы арқылы Алтын Орда империясының дамуының негізгі кезеңдерін қамтиды.

 Туынды «Karga Seven Pictures» киностудиясымен бірлесе түсіріледі. Karga Seven Pictures Netflix үшін «Империяның өрлеуі: Осман империясы» және «Келісім: Мұсаның хикаясы» сияқты туындыларымен танымал, олар 90-нан астам елде үздік 10 сериалға айналды.

Жошы ханның өмір тарихы керемет эпикалық, ол дүние жүзіндегі көрермендерді қызықтырары сөзсіз. Осы ауқымды тарихи жобаны жүзеге асыруда «Dara» қорымен бірлесіп, жұмыс жасау біз үшін үлкен мәртебе, - дейді «Karga Seven Pictures» креативті директоры Эмре Шахин.

Түсірілім 2024 жылы күзде Қазақстан мен Түркияда басталады деп жоспарланып отыр.

Айта кетері, биыл Жошы Ұлысының құрылғанына 800 жыл толады.

Осы атаулы күнге арналған тарихи деректі жоба мемлекеттігіміздің сан ғасырлық тамырын көрсетеді. Жаппай аудиторияға арналған деректі-драма ұлттық тарихты кеңінен насихаттауға, қазақ халқының ұлы тарихын тануға, халықаралық аудиторияның Қазақстанға деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді, - деп атап өтті қор.

Жаңалықтар

Енді еGov.kz порталында білім туралы құжаттарды тану қызметі жұмыс істейді, деп хабарлайды madenipor...

Жаңалықтар

Биыл еліміздің өңірлерінде алғашқы медициналық көмек көрсететін 321 нысан салынып жатыр. Бұл туралы...