Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы, журналист, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Пар...
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған көрме ашылды
Қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл толуына орай ЮНЕСКО көлемінде және Қазақстанның барлық өңірінде кең ауқымда тойланбақ. Осы ретте Ұлт ұстазының 150 жылдығына арналған «Ғасыр толғауы» республикалық көрме ашылды.
«Ғасыр толғауы» көрмесінде еліміздегі шығармашылықпен айналысатын «Көркем еңбек» пәні мұғалімдердің үздік деп танылған 100-ден астам туындылары қойылды. Биыл үшінші жыл болған «Бабалар аманаты» жобасына республика бойынша 800-ден астам көркем еңбек пәндерін оқытатынұстаз, шығармашыл педагог біріккен. Жобасының мақсаты - республикалық және халықаралық деңгейде педагогикалық өнерді насихаттау.
Бұл жай көрме емес, Алаш ардақтысы, ұлт ұстазы, елім деп болашаққа жол ашып кеткен Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерей тойына арналған көрме. Көрменің мақсаты – бейнелеу өнері, сызу, қазіргі Көркем еңбек пәні мұғалімдерінің басын қосып, олардың еңбегін көпшілік назарына ұсыну. Қолөнерімізді дәріптеу. Мұндай көрмелер келешекте жалғасын табады деген ойдамыз,-деді «Бабалар аманаты» жобасының жетекшісі Қанағат Кодеков.
Сондай-ақ ҚР Мемлекеттік орталық музейінің директоры Рашида Харипова бұл көрме ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларын жан-жақты насихаттауға мүмкіндік беретінін жеткізді.
Айта кетейік көрме үстіміздегі жылдың 7 сәуіріне дейін жалғасады.