Астанада 18 жасар қызды өлтірмек болған жасөспірім ұсталды

Фото интернеттен

Жаңалықтар
649

Астана қаласында 18 жастағы қызды өлтірмекші болды деген күдікпен кәмелет жасына толмаған жасөспірім қамауға алынды, деп хабарлайды madeniportal.kz Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Астана қаласының Полиция департаменті Есіл аудандық полиция басқармасы 18 жастағы қызды өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Қазір кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық сараптама тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", – делінген елорда полициясының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, полициядан аталған іске қатысты өзге де ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайтындығы айтылды.

Жаңалықтар

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруд...

Жаңалықтар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы энергетик сусындарға қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлайды ma...