ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген ескерткіштерді көпшілікке таныту мәселесі талқыланды

ҚР МАМ

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ
475

«Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгеніне жиырма жыл толды. Аталған мерейтойға орай музей халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, madeniportal.kz хабарлайды.

Семинарға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінен жартас өнері бойынша жетекші мамандар, археологтар мен консерваторлар қатысты. Сарапшылар тәжірибе алмасып, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне Орта Азияның жартас өнері ескерткіштерін номинациялаудағы жетістіктер мен жаңа перспективаларына қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.

Айта кетсек, «Танбалы» петроглифтерін 1957 жылы А.Г. Максимова басшылық еткен археологиялық жасақ ашқан.

Музей-қорық 2004 жылы ЮНЕСКО тізіміне енді. Орта Азияның жартас өнерін әлемдік құндылық ретінде белгілеу және аймақтағы басқа да тарихи ескерткіштерді бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізу жолындағы алғашқы қадам болды.

Жаңалықтар

Астана тұрғындары интернет-алаяқтарға 3 млрд теңгеден астам ақша берген, деп хабарлайды madeniportal...

Жаңалықтар

Үндістанда 25 жастағы ер адам өзінің жерлеу рәсімінде тіріліп кетті, деп хабарлайды madeniportal.kz...