Алматыда жақын маңдағы үйлердің тұрғыны үшін ақылы тұраққа абонемент енгізу мәселесі қарастырылуда

gov.kz

Жаңалықтар
198

Алматының көлік жүйесін дамытудың маңызды бағытының бірі ақылы тұрақ аймағын кеңейту арқылы ретсіз тұраққа қарсы күрес.

Қалалық мобилділік басқармасы атап өткендей, тұрақ кеңістігін дамыту жоспары бүкіл қала үшін бірыңғай тұрақ типологиясын және ашық тарифтік жүйені енгізуді көздейді.

Халықаралық тәжірибеге сәйкес «Алматы паркинг» коммуналдық кәсіпорны жақын маңдағы үйлердің тұрғындары үшін абонементті енгізу тетігін әзірлеп жатыр.

«Жергілікті тұрғындар басымдыққа ие болады, олар үшін тұрақ орындарын қайта ұйымдастыру, әсіресе Алматы орталығының резиденттеріне таптырмас нәрсе. Жергілікті тұрғындар арнайы рұқсат алады. Автокөлікті автотұрақ аймағында (үйдің айналасындағы бірнеше блок) абонемент бойынша қоюға болады. Абонемент сатып алған автокөлік жүргізушісі тұраққа сағаттық төлем төлемейді», - деді «Алматы паркинг» басшысы Владимир Ни.

Оның айтуынша, жеңілдікті санаттарға жататын адамдар үшін арнайы режим қарастырылады. Атап айтқанда, ҰОС қатысушылары мен мүгедектері, басқа мемлекет аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, I және II топтағы мүгедектер, Семей ядролық полигонындағы сынақтар салдарынан зардап шеккен мүгедек баланың заңды өкілдері, көпбалалы аналар, сондай-ақ қызметтік міндетін атқарып жүрген мемлекеттік автокөлік жүргізушілері.

«Олар тегін тұраққа рұқсат алады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, мотоциклдер мен электромобильдердің иелері үшін 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған», - деді Владимир Ни.

Алдын ала жоспар бойынша абонемент 3, 6 немесе 12 айға арналады. Биыл тамыз-қыркүйек айында енгізіледі деп болжанып отыр.

Айта кететін нәрсе, ақылы автотұрақ пен айыппұлдан түсетін түсімдер көлік жүйесін дамытуға және қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға бағытталады.

Жаңалықтар

Енді еGov.kz порталында білім туралы құжаттарды тану қызметі жұмыс істейді, деп хабарлайды madenipor...

Жаңалықтар

Биыл еліміздің өңірлерінде алғашқы медициналық көмек көрсететін 321 нысан салынып жатыр. Бұл туралы...