Ақтөбе қаласының әкімі Димашты туған күнімен құттықтап барды

Жаңалықтар
2329

Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов әнші Димаш Құдайбергенді мүшел жасымен құттықтап барды, деп хабарлайды "Мәдениет порталы". Бүгін Димаш Құдайберген 25 жасқа толды. Ол өз туған күнінде қарттар мен мүгедектер үйіне барып, қариялардың батасын алды. 

Ал кешке қала әкімі Ілияс Испанов әншіні құттықтап барды. «Бүгін жалпы қазақ халқының маңдайына біткен Шәмші, Ескендір, ағайынды Жұбановтар сияқты тұлғалардың ізбасары, жерлесіміз Димаш дүниеге келген күн. Күллі әлемге қазақ ұлтының өнері мен мәдениетін танытып, ұлттық брендке айналған бауырымызды құттықтап бардық. Ата-анасы, отбасы ұлдарының мүгел жасымен таңертеңнен бастап құттықтаушылар саны толастар емес дейді. Біз де облыс әкімі О.Оразалиннің атынан құттықтауымызды жеткізіп, әншінің қуанышымен бөлістік, - деп жазды қала әкімі Ілияс Испанов өзінің инстаграмдағы парақшасында. 


Оқи отырыңыздар: Ержан Максим «Голос. Дети» байқауының жеңімпазы атанды



Спорт

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-ойыншысы Ұлан Қонысбаев Euro-football.ru сайтына берген с...

Жаңалықтар

Бұл ерекше жүздесу Лондонда өтті. Ең ұзын және ең қысқа әйелдер кездесіп, бірге шәй ішіп, әңгімелест...