Бүгін Ақордада ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Әсет Исекешевтің төрағалығымен Қазақстан Республи...
Грозныйға бағыт алған ұшақты Ресейлік зымыран атты деген мәлімет рас па?
Фото: Anadolu agency/Getty Images
Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың құлауына байланысты түрлі нұсқа айтылуда, соның бірі ұшақ ресейлік зениттік зымыран кешендерінің соққысының салдарынан апатқа ұшырады деген нұсқа. Бұл қаншалықты рас, қисыны қандай, Настоящще время басылымы осы сұрақтарға жауап іздеуге тырысқан, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап.
2024 жылғы 25 желтоқсанда таңертең Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан Embraer 190 ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 64 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған, олардың 38-і қаза тапты.
ГРОЗНЫЙ ҚАБЫЛДАМАҒАН
Грозный әуежайы сол уақытта ұшқышсыз ұшақтардың шабуылына байланысты рейстерді қабылдамағанын Baza атты күш құрылымдарына жақын телеграм-арна хабарлады. Әуежай өкілдері рейс Грозныйға емес, алдымен Махачкалаға, одан кейін тұманға байланысты Ақтауға бағытталғанын айтты. Ал Росавиацияапаттың себебін «құстармен соқтығысқаннан кейін ұшқыштың Ақтау қаласындағы қосалқы әуежайға қону туралы шешім қабылдауынан» деп түсіндірді. Апаттан кейін бортта баллон жарылғаны туралы айтылды, бірақ ол баллонның қандай болғаны нақты анықталмаған.
ТЕСІК ІЗДЕРІ
Апаттан бірнеше сағат өткен соң, ұшақтың құйрық бөлігінде әртүрлі диаметрлі тесік іздері бар екенін көрсететін видеолар пайда болды. Мұндай видеолардың бірін Fighterbomber телеграм-арнасы жариялады. Онда бұл іздердің «зенитті зымыран кешенінің (ЗЗК) зақымдаушы элементтеріне» ұқсайтыны айтылды.
УКРАИНА ТАРАПЫНЫҢ НҰСҚАСЫ
Украина Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің дезинформацияға қарсы орталығының басшысы Андрей Коваленко ұшақ ресейлік ЗРК-мен атып түсірілгенін мәлімдеді:
«Ресей Грозный әуежайы үстіндегі әуе кеңістігін жабуы керек еді, бірақ олай жасамады. Ұшақ ресейліктерден зақымданып, оны Қазақстанға бағыттады, ал Грозныйға жедел қондыру арқылы адамдардың өмірін құтқаруға болар еді», – деді ол.
САРАПШЫЛАР НЕ ДЕЙДІ
Әскери аналитик Ян Матвеев бұл оқиғаға «Панцирь-С1» кешенінің кіші зенитті зымыраны қатысуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Оның айтуынша, ұшақтың құйрық бөлігіндегі зақымдар зенитті ракетаның ұшаққа сырттан соққы беруінен болуы ықтимал. Бірақ дәл қазір бұл нұсқаны 100% растайтын ақпарат жоқ.
AeroDynamic Advisory консалтингтік компаниясының аналитигі Ричард Абулафия Reuters агенттігіне:
«Құстармен соқтығыс әдетте ұшақтың жақын маңдағы ашық далаға қонуына әкеледі. Бірақ бұл жағдайда ұшақ өте ұзақ қашықтықты ұшып өтті», – деген.
Авиациялық сарапшы Роман Свитанұшақтың зенитті зымыранмен зақымдалғанын растау мүмкін екенін айтты. Оның пікірінше, ұшақтың ішіндегі креслолар зақымдаушы элементтердің іздерін сақтауы керек, бұл элементтер ЗЗК түрін анықтауға көмектеседі.
Flightradar деректеріне сәйкес, ұшақ апат алдында биіктігін жоғалтып, қайтадан көтеріліп отырған. Свитан мұны ұшақтың басқару жүйелері, атап айтқанда гидрожүйе немесе электр жүйелері зақымданғанын білдіреді деп түсіндіреді.
“Бұл апаттың себептерін анықтау үшін халықаралық сараптама жүргізілуі мүмкін, өйткені апат Ресейде емес, Қазақстанда болған және ұшақ Азербайжан әуе компаниясына тиесілі” дейп тұсіндейді басылым.