Астанаға «Оскар» сыйлығының иегерлері келмек

Жаңалықтар
967

«Биыл Еуразия кинофестивалі 20-шы рет ұйымдастырылады. Бұл атаулы шара Астана мен Қазақ ұлттық өнер университетінің 20 жылдығына орайластырылған. Өткен жылы Оскар иегерлері - Николас Кейдж, Эдриан Броуди, Джон Малкович сынды Голливуд жұлдыздары келген болатын. Биыл да олардан кем түспейтін жұлдыздарды шақырамыз», - деді Айман Мұсақожаева Мәдениет және спорт министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, қазіргі уақытта қазылар алқасы мен құрметті қонақтар тізімі жасалып жатыр. «1-5 шілде күндері біздің кинофестивальге қатысуға уақыт таба алатын танымал актерлармен және режиссерлермен келіссөздер жүріп жатыр. Фестивальде жүзден астам кинолента таныстырылымы өтеді. Отандық фильмдер арасынан Ермек Тұрсыновтың «Киномеханик» фильмі және өзге де туындылар көрсетіледі», - деп өз сөзін толықтырды А. Мұсақожаева. Кинофестиваль «Чаплин» кинотеатры базасында және жақын маңдағы қонақ үйлерде өтеді. Жабылу салтанаты «Қазақстан» орталық концерт залында ұйымдастырылады. Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі 1998 жылы Қазақстанда ашылды және FIAPF (Халықаралық кинопродюсерлер қауымдастығы федерациясы - авт.) аккредитациясынан өткен. Беделді британдық басылым International FilmGuide «Еуразия» кинофестивалін әлемнің 35 танымал кинофестивалі қатарына енгізген.  


www.inform.kz


Жаңалықтар

Алматы қаласының қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған ауданаралық сотында атышулы іс бойынша...

Жаңалықтар

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Алматыда екі оқушы қыз биік үйден құлап өлген еді. Марқұм балала...