Жеті рет зорланған қыз жалған айтпаған

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Жаңалықтар
3991

Түркістанда 17 жастағы жігіт кәмелет жасқа толмаған қызды жеті рет зорлағаны анықталды, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі “Адырна” ұлттық порталына сілтеме жасап.

Сот-психиатриялық сараптамасы зорланған қыздың жалған айтпағанын қорытындылаған. Жігіт қызды зорлап, қорқытқан сәтіндегі әңгімелерінің стенограммасы да бар.

«Қызды зорлаған соң автобусқа отырғызып, үйіне жіберген. Қан жағылған орамалды суретке түсіріп, егер біреуге жақ ашар болса, оны (қызды - ред.) колонияға жіберетінін айтып қорқытқан. Осылай қызды жеті рет зорлап келген. Сот отырысында жігіт қыздың өзін азғырғанын айтып, кінәсін мойындамады»,- делінген қор жазбасында.

“Немолчи” мәліметінше, зорлау фактісін анықтаған барлық сараптамалардан кейін іс 120-баптың 3-1 «Кәмелетке толмағанға қатысты бірнеше рет күш қолдана отырып зорлау» бойынша сараланған. Бірақ сот дәл сот тергеуі кезінде істі 122-баптың 1-бөлігіне – «16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу» деген санатына жатқызылған.

Күдікті жігіт сот отырысының бірінде үзіліс жариялаған. Содан кейін жиналыс мүлде кейінге шегерілгені де белгілі болды.

 

Жаңалықтар

Түркістан облысы Келес ауданындағы N8 Т.Бегманова атындағы жалпы білім беретін мектебінің өзбек тілі...

Жаңалықтар

Қостанай облысында зауыт жұмысшысы зауыттағы бетон араластырғышқа құлап, қайтыс болды, деп хабарла...