Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі ми...
«Енді ұят болады» - Жеңіс Сейдоллаұлы
Әнші Жеңіс Сейдоллаұлы фонограмма туралы жаңа заң жобасына қатысты пікір білдірді. Белгілі болғандай, өнер иесі тіпті оны әзірлеуге де атсалысқан. Эстрада жұлдызының сөзінше, он жылдан бері көтеріліп келе жатқан мәселеге нүкте қоятын сәт келді деп жазады, деп хабарлайды "Мәдениет порталы"
Жеңіс Сейдоллаұлы фонограмма мәселесіне қатысты өзгертулерді толықтай қолдайтынын ашық айтты. Бұл туралы ол 24.kz арнасына берген сұхбаты барысында мәлімдеді. Эстрада жұлдызының пікірінше, бұл жайт енді жанды дауыста ән шырқау дәстүрін айтарлықтай дамыта түспек. Сол себепті, өнер иесі әншілер қауымына тыңдарман талғамына сай болу үшін барынша шынайы болуға шақырды.
"Ең алдымен, бұл жерде көрермен таңдау мүмкіндігіне ие болады. Әнші концерт қоятын болса, құлақтандыруда «осынша ән фонограммада, осынша ән жанды дауыста болады» деп көрсетуге болады. Осы мәселе қозғағалы көп болды. Нүктесіне жетті. Енді ұят болады. Әншілер бар мүмкіншілігін салып, жанды дауыста шырқап жатыр" , - деді Жеңіс Сейддоллаұлы. Әншінің айтуынша, фонограмма мәселесінің көтеріліп келе жатқанына осымен он шақты жыл өткен. Ол үнемі шешусіз қалатын жайтқа енді нүкте қояр сәт келгенін алға тартты.
Айта кетейік, жаңа заң жобасы аясында фонограмма тақырыбы ғана қозғалған жоқ. Енді оған сәйкес, әртістерге сахнаға мас күйде шығып, бейәдеп сөйлеуге тыйым салынады. Ауқымды шаралардың ұйымдастырушылары бұдан былай жұлдыздардың концерт кезіндегі тәртібіне жауапты болмақ. Олар әншілердің өзін ел алдында дұрыс ұстауын қам амасыз етуі тиіс.