Thrillist сайты Абу-Даби әуежайы толық биометриялық сәйкестендіруі бар алғашқы әуежай болуды мақсат...
Жылудың ақшасын төлемегендерге қандай шектеулер қойылады?
Фотосурет ашық дереккөзден алынды
646
Алматыда борышкерлердің пәтеріндегі ыстық суы өшіріледі, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі sputnik.kz сілтеме жасап.
Алматының коммуналдық қызметі жылудың ақшасын төлемеген тұрғындардан сот арқылы қарызын өндіріп, толық өтелгенше пәтеріндегі ыстық суын өшірмек.
Компанияның мәліметінше, қазірдің өзінде ыстық су мен жылудың қарызы шамамен 2,1 миллиард теңгеге жеткен.
Айта кететін нәрсе, қарыз екі және одан да көп ай бойы төленбесе, тұтынушы борышкер санатына еніп, қарызды өтеу туралы хабарлама алады. Егер борышкер сонда да қарызын жаппаса, шара қолданылып, пәтеріндегі не үйіндегі ыстық суы өшіріледі.
Кәсіпорын мұндай шараға баруға мәжбүр болып отыр. Өйткені тұтынушылардың жылудың ақысын төлемеуі алдағы жылыту маусымына толық дайындалуға, қыстан қысылмай шығуға кері әсерін тигізеді.
"Биыл жыл басынан бері Алматыда жылудың ақшасын төлемеген 1610 абоненттің үйіндегі ыстық суы өшірілген. Бүгінге дейін компанияға жылу мен ыстық су үшін төлемеген 1212 тұтынушының активі, 355 банктік есепшот бұғатталды, төлемді уақытында төлемеген 165 азаматқа Қазақстаннан шығуға тыйым салынды", - делінген компания хабарламасында.
Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, коммуналдық қызмет бойынша қарыздың болуы несие беру кезінде де ескеріледі.
Мұндай шаралар қарызды әдейі төлемеушілерге қатысты ғана қолданылады.