Алматыда өткен «Elge Qaitaru» қоры «Активтерді қайтару: практикалық шешімдерді ізд...
Депутаттарға күтпеген шағымдар түсіп жатыр
Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов ата-аналардан мектептің жөндеу жұмыстарына деп ақша жинап жатқаны туралы шағымдар түсіп жатқанын айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі qaz365.kz сілтеме жасап.
«Құрметті қазақстандықтар, қадірлі ата-аналар! Біздің әлеуметтік-мәдени даму комитетіне, депутаттардың атына күтпеген хаттар түсіп жатыр. Еліміздің түкпір-түкпірінде мектептегі жөндеу жұмыстарына ақша жинау, кейбір жерлерде мұғалімдерден, ата-аналардан талап еткен фактілер бар деген шағым түсуде. Осы мәселені Оқу-ағарту министрлігінің өкілімен талқыладық. Бұл мәселені бір емес, бірнеше рет қайталанбау үшін жұма күнге дейін мен ғана емес, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің депутаттарына «eOtinish» арқылы хат жаза аласыздар. Дәулет Мұқаев, Нартай Аралбайұлы, Таңсәуле Серіков және басқа депутаттардың атына хат жолдауларыңызға мүмкіндік бар. Бастысы, қай мектеп, қашан болғанын нақты көрсетіңіздер. Мәселені бірігіп шешейік», – дейді Ринат Зайытов.