Ақтөбе облысында ата мен немересі джиппен бірге суға батып кетті

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1297

Ақтөбе облысында бір тәуліктен астам уақыт бойы қарт адам мен оның кәмелетке толмаған немересі іздестірілді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Олар үйден бірге джип көлігімен шығып кетіп, оралмаған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жоғалғандар туралы хабар 2025 жылғы 25 маусымда түскен.

Келесі күні кешке Құдықсай ауылы маңындағы Ор өзенін тексеру кезінде құтқарушылар ер адамға тиесілі Toyota Hilux көлігін судан тапқан.

"Сүңгуірлер 2,5 метр тереңдікте, жағадан 4 метр қашықтықта баланың денесін, кейін атасының денесін анықтап, судан алып шықты. Сонымен қатар көлік пен 66 жастағы ер адамның денесі де шығарылды", - деп хабарлады ТЖД өкілдері.

Оқиғаның нақты мән-жайын мамандар анықтап жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі өнер иесі Тамара Асар әлеуметтік желідегі парақшасында елмен сүйінші жаңалығын бөлісіп, қуан...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Жаңа Конституция бойынша өтіп жатқан жалпыхалықтық референдумда дауыс...