Қуандық Бишімбаев: "Шешім алдын-ала шығарылды"

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Заң
411

Астана сотында Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов ісіне қатысты апелляциялық шағымды қарау жалғасуда, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі qaz365.kz сілтеме жасап.

Үзілістен кейін сот Бишімбаевқа сөз берді. Бишімбаев сөзін небәрі 42 секундта аяқтады.

"Мен адвокаттарымның дәлелдерін толығымен қолдаймын. Менің тарапыма және маған аз дәрежеде кінәмнің дәлелдерін ұсынуға мүмкіндік берілмегенін атап өткім келеді. Мен бұл туралы сот процесінде бірнеше рет айттым. Бізге тіпті көптеген материалдармен танысуға да рұқсат етілмеді. Меніңше, шындық ешкімге керек емес. Шешім алдын-ала шығарылды. Сондықтан бәрі айтылды. Мен өзімнің адвокаттарымның ұстанымын қолдаймын", – деді Бишімбаев.

Еске салайық, бүгін Астанада Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты аппеляциялық сот басталды. Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов «сот үкімді заңсыз шығарды» деп атап өтті. 

Айта кетейік, 13 мамырда Астанада судья Айжан Құлбаева жұбайы Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевқа үкім шығарды. Ол 24 жылға сотталды. Ал аса ауыр қылмысты жасырды деп айыпталған Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жаңалықтар

Жанель Мақажан “Айтарым бар” YouTube арнасында сұхбат берді, деп хабарлайды madeniportal...

Жаңалықтар

Пәкістанның солтүстік-батысында дінаралық қақтығыстан 80-нен астам адам қаза тапты, деп хабарлайды m...