Үй кезегінде тұрған азаматтарды уақытша баспанамен қамтамасыз ету керек – депутат

Қоғам
615

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов Үкімет басшысына жолдаған сауалында халықтың тұрғын үй мәселесін көтерді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Ол тұрғын үй мәселесі барлық өңірде өзекті мәселе екенін айтты.

«Абай облысында халықпен кездесулер өткізгенде кезекте тұрған азаматтар тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін жиі көтерді. Бұл мәселе барлық өңірде өзекті болып тұр. Уәкілетті органның ақпаратына сәйкес, республика бойынша тұрғын үй кезегіне 647 117 адам тұр. Оның ішінде, Астана қаласында - 40 мың адам, Алматы қаласында – 43 мың адам, Түркістан облысында – 62 мың адам, Ақтөбе облысында – 36 мың адам. 2024 жылға республикалық бюджеттен 5090 пәтерді салуға 69,3 млрд теңге қаражат бөлінген. Сонымен қатар, 7 522 пәтерлі кредиттік тұрғын үйді салуға 87 млрд теңге қарастырылған. Ол тек кезекте тұрған адамдар санының 2 пайызын ғана тұрғын үймен қамтамасыз етеді», - деді Мәжіліс депутаты.

Депутат Абай облысында халықпен кездесулер өткізгенде кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері жиі көтерілгенін айтты.

«Жалпы, кезекте тұрғандарды тұрғын үймен қамтамасыз етуді жақсарту бағытында Парламент Мәжілісі тиісті заңдарға өзгерістер енгізіп, жергілікті атқарушы органдарға дайын тұрғын үйлерді сатып алу құзыреті берілді. Қаражат бөлінсе, кезекте тұрған адамдарға үй алу мүмкіндігі артады. Сондай-ақ, «Заңсыз иемденген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңға сәйкес мемлекетке қайтарылған қаражат әлеуметтік жобаларға, тұрғын үймен қамтамасыз етуге де жұмсалуы қажет. «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында 730 мыңнан астам отбасы үшін қолжетімді бағадағы жаңа тұрғын үй салу жоспарын іске асыру қарастырылған», - деді ол.

Аталған мәселелерге байланысты Нұртай Сабильянов Үкімет басшысынан мынадай мәселелерді қарастыруды сұрады:

  • республикалық бюджеттен тұрғын үй салуға қосымша қаражат бөлу;
  • заңсыз иемденілген активтердің мемлекетке қайтарылған қаражатының бір бөлігін тұрғын үй құрылысына және жаңа үйлерді сатып алуға жұмсау;
  • 3 жылдық республикалық бюджеттен жергілікті бюджетке субвенция бергенде тұрғын үй салуға, сатып алуға қажетті қаражат қарастыруды;
  • тұрғын үй салуға бағалы қағаздар шығару арқылы қаражат тарту;
  • кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үй кезегі келгенге дейін уақытша тұратын үймен қамтамасыз ету мәселелерін қарастыруды сұрады.

Жаңалықтар

Астана тұрғындары интернет-алаяқтарға 3 млрд теңгеден астам ақша берген, деп хабарлайды madeniportal...

Жаңалықтар

Үндістанда 25 жастағы ер адам өзінің жерлеу рәсімінде тіріліп кетті, деп хабарлайды madeniportal.kz...