Бейнеуде тұрғын үйден газ жарылып, 1 адам қайтыс болды

Фотосурет: Ашық дереккөзден

Оқиға
981

Бейнеу ауылында газдың жарылуы салдарынан жеке тұрғын үй құлап, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 3 сәуірде болған.

Жарылыстан үй толығымен дерлік қираған. Салдарынан Бейнеу ауылының тұрғыны ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы төтенше жағдай қызметінің қызметкері «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ апаттық-диспетчерлік қызметіне хабарлаған. Оқиға орнына жеткен бригада қираған жеке үйге қолдан жасалған жылыту газ қазандығы орнатылғанын анықтады, - деп хабарлады компания.

Оқиға туралы Бейнеу аудандық әкімдігі мен полицияға хабарланған.

Алдын ала мәлімет бойынша, қолдан жасалған қазандықтан газ шыққан. Анықталғандай, бұған дейін үй иелеріне қолдан жасалған бұл жабдықты ауыстыру туралы хабарлама келген, бірақ үй иелері бұл ескертуді елемеген. Апаттың себептері сараптама қорытындысы бойынша нақтыланады, - деп қорытындылады компания.

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандардың жазасы кү...

Жаңалықтар

Павлодарда математика пәнінің мұғалімі тақта алдында есеп шығарып тұрған оқушының арқасына ине сұқты...