14 наурызға арналған ауа райы болжамы

Ауа райы
1483

14 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды madeniportal.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ресми ақпаратқа қарағанда, республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. 

«Солтүстікте, шығыста, орталықта қар жауады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының таулы аудандарында, оңтүстікте таулы аудандарда қатты жауын-шашын күтіледі», -  деп жазды синоптиктер.

Тек елдің батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады. Ел бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстікте, шығыста, орталықта жаяу бұрқасын, оңтүстікте, орталықта көктайғақ күтіледі.

Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында шаңды дауыл болады.

PESTEL

Америка Құрама Штаттары Иранға қарсы әскери операцияны кемінде 100 күн бойы жүргізуді жоспарлап отыр...

Шоу-бизнес

Aктер Нұрсұлтан Жақсыгеннің үстінен екі қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы оның бұрынғы әйелі Фариза...