Алматыда кеше жауған қардың биіктігі 18 сантиметрге жетті

Фото: Алматы әкімдігі

Ауа райы
828

20 желтоқсан күні Алматыда жауған қалың қарға байланысты коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды madeniportal.kz el.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Сағат 8:00-ден 22:00-ге дейін қалада 12 см, ал таулы аудандарда 18 см қар жауды.

Мұздың алдын алу үшін жолдарға екі мәрте көктайғаққа қарсы материалдар себілді, бұл жұмыстарға 2450 тонна материал жұмсалды. Бірінші кезең сағат 16:00-де аяқталып, екінші кезең 17:30-да басталды.

22:00-ден бастап жолдарды тазарту жұмыстары жүргізілуде, бұл үшін түнде 21 техника колоннасы жұмылдырылған.

Барлығы 603 арнайы техника, оның ішінде 130 құмсепкіш, 70 шағын көлемді арналған машина тротуар, аялдама мен өткелде жұмыс істеп жатыр. Күндіз 1034 жұмысшы, ал түнде 957 адам еңбек етуде. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...