«Қазгидромет» синоптиктері 20 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарл...
Наурыз мейрамы күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Синоптик мамандар 16 - 22 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Қазақстан аумағының қармен жабылған ауданы 66%-ды құрайды.
Синоптикалық болжамға сәйкес, 2024 жылғы 16-22 наурыз аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде, көктайғақ құбылыстары, тұман, желдің күшеюі, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде бұрқасын болады. Қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) 16-17, 20-21 наурызда оңтүстік-батыста (Маңғыстау облысы), 18 наурызда батыста (Батыс Қазақстан, Атырау облыстары), 19 наурызда солтүстік-батыста (Қостанай облысы), 20 наурызда шығыста (Шығыс Қазақстан, Абай облыстары), 21 наурызда - қатты қар болжанады.
19-22 наурызда еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында (Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстары) қатты жауын-шашын күтіледі. 20-21 наурызда еліміздің солтүстігінде (Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстары) қатты қар күтіледі.
ҚР басым бөлігінде ауа температурасы аптаның бірінші жартысында біртіндеп жоғарылауы күтіледі, аптаның екінші жартысында суық антициклонның енуімен ауа температурасы төмендейді.
Гидрологиялық және метеорологиялық жағдайлар күрт өзгерген жағдайда «Қазгидромет» су тасқыны қаупі туралы дауылды ескертулермен алдын ала хабардар ететін болады.