Ауа райының қолайсыздығына байланысты 6 облыста жол жабылды

Ауа райы
1120

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 6 облыста республикалық маңызы бар 17 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы madeniportal.kz хабарлайды «ҚазАвтоЖол»-ға сілтеме жасап.

Фото: Azattyq Ruhy

Абай облысында – 6 учаске, жалпы жалпы ұзындығы 1841 км (температураның төмендеуі -30)

  1. "Омбы-Майқапшағай", Павлодар обл. шек. – Бұғаз а.
  2. "Қарағанды-Аягөз-Бұғаз", Қарағанды обл. шек – Бұғаз а.
  3. "Алматы-Өскемен", Аягөз қ. – ШҚО шек.
  4. "Өскемен-Семей", ШҚО шек. – Семей қ.
  5. "Семей-Қайнар", Семей қ. – Қайнар а.
  6. "Семей-РФ шек." Семей қ. – РФ шек.

(дизельді және қоғамдық көлік түрлері үшін)

Шығыс Қазақстан облысында – 7 учаске, жалпы ұзындығы – 1238 км (қар көшкінінің қаупіне байланысты, ауа температурасының - 45°С дейін төмендеуі)

  1. Облыс бойынша барлық бағыттар бойынша (дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған қоғамдық көліктер мен автомобильдер үшін)

2."Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары" - Берел а. –Рахман қайнары шипажайы (автокөліктің барлық түрі үшін)

Қарағанды облысында – 1 учаске, жалпы ұзындығы 103 км (Абай облысындағы ауа температурасының төмендеуі)

  1. "Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" – Қарқаралы қ. – Абай обл. шек. (дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған қоғамдық көліктер мен автомобильдер үшін).

Қостанай облысында – 1 учаске, жалпы ұзындығы – 83 км (Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты)

  1. "Жезқазған-Петропавл" - Ұлытау обл. шек. – Арқалық қ. (автокөліктің барлық түрі үшін)

Павлодар облысында – 1 учаске, жалпы ұзындығы – 160 км (Абай облысында ауа температурасының төмендеуі)

  1. "Омбы-Майқапшағай", Кенжекөл к. – Абай обл. шек. (дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған қоғамдық көліктер мен автомобильдер үшін)

Ұлытау облысында – 1 автожол, жалпы ұзындығы – 115 км (қатты жел, ауа температурасының төмендеуі)

  1. "Жезқазған-Петропавл", Ұлытау к. – Қостанай обл. шек. (барлық көлік түрі үшін).

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...