Қарағанды облысында ірі жол апаты болып, 19 көлік соқтығысты

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
2261

Сағат 13.00 шамасында Қарағанды облысы Ақсу-Аюлы ауылы «Екатеринбург-Алматы» автожолының бойында жол апаты болды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

ТЖМ мәліметінше, автожолды қайта жаңарту учаскесінде 19 жеңіл автокөлік соқтығысқан.

Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары, психологтар, ҚР ТЖМ АМО және жедел жәрдем дәрігерлері дереу келді. Оқиға орнында ТЖМ вахтасы орналасқан, онда ЖКО қатысушыларын жылыту жүзеге асырылады, - делінген мәліметте.

Жедел жәрдем бригадасы Ақсу-Аюлы ауылындағы аудандық ауруханаға 9 адам жеткізіледі.

Қазіргі уақытта кептеліс жоқ, қозғалыс арнайы қарсы жолақ бойымен жүзеге асырылады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...