Қар жауып, үсік жүреді: 3 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Сурет ашық дереккөзден алынды

Ауа райы
1626

Қазгидромет мамандары алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады madeniportal.kz.

Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағай жарқылдап, жаңбыр жауып, республиканың солтүстігінде, шығысында кейбір уақыттарда нөсер жауып, 3 қыркүйек түнде елдің шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде солтүстік-батыс антициклон сілемімен жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша жел күшейеді. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік және шығыс аймақтарда тұман түсіп, топырақ бетінде 2 градусқа дейінгі үсік болады.

Сондай-ақ күндіз температураның біртіндеп төмендеуі болжанады: республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында +8+15°С дейін, оңтүстігінде +20+28°С дейін төмендейді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал имам, әлеуметтік желінің «жұлдызы» атанған теолог, дінтанушы Нұрлан қажы Асановт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақпан айының соңғы күні мен наурыздың басында «Отбасы банкте» тұрғын үй жинақ депозиті б...