Шымкенттің 10 көшесін су басты

Ауа райы
1448

Толассыз жауған жауын шаһар көшелерінде шылқып жатыр.  Салдарынан 10 көшені су басты, – деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

– Шымкент қаласында Қазығұрт шағын ауданында жаңбыр түрінде жауын-шашынның көп түсуіне байланысты (33.7 мм-ге дейін) жеке бір тұрғын үйді, 15 аула аумағын және 4 аудандағы 10 көшені су басқан, – делінген ведомство хабарламасында.

ТЖД жеке құрамынан 31 адам және 10-нан астам техника, 13 мотопомпа және ЖАО күштері жұмылдырылып 10 аула аумағы мен 6 көшеде су айдау жұмыстары жүргізілді.

Барлығы 1620 текше метр су сорып алынған. Зардап шеккендер жоқ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтауда Каспий теңізінің жағалауынан тағы да қырылған итбалықтар табылған. Экологтар су сынамаларын...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды...