Сырлыбек Бекботаев. Ол – ізденгіш, жаңашыл суретші.

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ
2745

«Тәуелсіздік:Сөз бен Сурет» жобасы аясында «Мәдениет порталы» "Папирус" айдарын қазақ суретшілерінің арасында ұйымдастырып отыр. Әр аптаның сәрсенбісінде бір кескіндеме шеберінің жазғаны жарияланып, аптаның қалған күндері сол жарияланған суретке жасалған анализдер мен пікірлер оқырман назарына ұсынылатын болады. Аталмыш айдарда осыған дейін Дәуренбек Бекназаров пен Санжар Сырғабаевтың шығармалары және оған берілген анализдер жарияланған болса, келесі кезек суретші Аршын Қабылбектің жазған картиналарында. Пікір иесі – Сырлыбек Бекботаев.

Кескіндемеде Аршынның түс таңдауы, бояуларды араластыруы өте жоғары деңгейде. Ал композияциялық тұрғыдан шебер деп ойламаймын. Өйткені, көбіне картина форматын, портретті толық қып алып, шығармасын ұсақ- түйек  заттармен көп толтырады. Бірақ, кеңістікті өзіне керемет, шебер бағындырады. Себебі ол өзіндік қолтаңбасы бар суретші. Біздің замандастарымыздың ішінде алдыңғы қатарлы қалам ұстаған жігіт деп айтар едім. Себебі ол кескіндемеде соцреализм немесе академизмге қатып қалмай, еркін көсіледі. Оның туындыларында бір тылсым сиқыр бар. Бәрі жүректен шыққан. Көресің, ғашық боласың, бітті. Қалай екенін білмеймін. Өзіндік энергетикасы, қуатты рухы бар. Ол – ізденгіш, жаңашыл суретші.

madeniportal.kz

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...