Герниканың 3D видеосы

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ
1482

Пабло Пикассоның әйгілі Герника картинасының жаңа түсірілген 3D бейнесі суреттегі әр мотивті бөлек бөліп көрсету арқылы көрермендерге визуалды ыңғайлылықты қамтамасыз етеді. Пикассоның бұл өте әйгілі туындысы 1937 жылы Испаниядағы Азамат соғысы кезінде Герниканың Баск қаласында болған сұмдықтарды бейнелеген. Екі сағат ішінде фашистердің жиырма сегіз ұшақты бомбалауы нәтижесінде жүздеген адам қаза тапқандығын көру әйгілі Пискассоға ауыр тиді. Небәрі он бес күннің ішінде ғаламат туынды дүниеге келді. 

Риуаяттарға сүйенсек, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Париждегі суретшінің үйінен неміс офицері Герниканы көзі шалып қалған деседі. Мұндай стильдегі картинаны бұрын соңды көрмеген офицер: «Мұны сіз жасадыңыз ба?» деп сұрайды. Қылқаламынан ауыр ештеңе көтергісі келмеген Пикассо: «Жоқ, сендер жасадыңдар!» деп қойып қалады. Сонымен арада қаншама жылдар өтті, әлгі офицер ел жадынан ұмыт қалды, ал Герника сол кезеңдегі зұлматтың қасіретті бейнесі ретінде тарихта қалды. 

Аталмыш картина жазықсыз адамдарға жасалған азапты, өлімді, қатыгездікті, үмітсіздік пен зорлық-зомбылықты қаламайтын, соғыс қарсыластарының символына айналды. Биіктігі 3,5 метр, ені 7,8 метрлік картина Мадридтегі Museo Nacional Cenro de Arte Reina Sofia-да тұр. Бір айта кетерлік жайт, Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымы ғимаратының қабырғасында картинаның қоңыр реңктегі репликасы жасалған. 

Мәдениет порталы суретшінің әйгілі картинасын 3D видео түрінде оқырман назарына ұсынып отыр. Мархаббат! 

madeniportal.kz

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...