Суретші Бақытқали Оразов жазған 7 картина

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ
3352

Әлемнің үмітіне үрей туғызып, көңіліне қаяу түсіріп, жан әлемін құлазытып тұрған осынау пандемия кезінде "Мәдениет порталы" кішкене болсын жүректерге жылу сыйлағысы келеді. Осы мақсатпен портал ұжымы елге белгілі, өзіндік орыны бар суретшілерге сауын айтып, өздерінің көңілінен шығатын 7 картинасын сұрап, жариялап отырмақ. Еске сала кетейік, бұған дейін бір топ суретші жазған 7 картинаны ұсынған болатынбыз! Бүгінгі суретші - Бақытқали Оразов! Мархабат!

Суретші Бақытқали ОразовСуретші Бақытқали Оразов

Бақытқали Оразов 1959 жылы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Тасқұдық ауылында дүниеге келген.1986 жылы Орал педагогикалық институтының көркем-графика факультетін бітірген.Көптеген халықаралық және республикалық шеңбердегі көрмелерге қат ысушы. Оралда тұрады және сонда еңбек етеді.

Қазақстан Республикасыныңбелгілі өнер танушысы З.Ыдырыстың айтуы бойынша, "Б.Оразов шығармашылығы философиялық ой-толғауға негізделген ізденістерге толы.Кенептерінің басым көпшілігі көк,сұр және ақ түстердің қатынасында шешіліп абстракциялық мәнерге ие. Силуэт пен көлеңкенің айқын қатысы негізінде кес кінделген бейнелері белгілі бір портреттік ұқсастықты,уақыттық немесе мезгілдік дәлдікті,тарихи оқиға дерегінің нақтылығын қажет етепейді. Кенеп кеңістігі шексіз, бірақ кадрлық сипатқа ие".

Б.Оразов 1987 жылдан бері мүсін өнерімен айналысуда. Оның мүсіндік композициялары мен ескерткіштері Батыс Қазақстан облысы аудандарының көркін аша түскен.

Б.Оразов 2013 жылдан бері Қазақстан Республикасы суретшілер одағының мүшесі.

1

"Дәуір ағашы", 63х86, 2014, майлы бояу, кенеп.

2

"Елес",57х100, 2015, м.б., тафта.

3"Бейбітшілік", 80х115, 2018, м.б., кенеп.

4

"Талтүс", 80х100, 2017, м.б., кенеп.

5

"Шаңырақ", 39х41, 2019, м.б., кенеп.

6

"Ауыл сыры", 43х56, 2019, м.б., кенеп.

7

"Бата" 74х87, 2017,  м.б., кенеп.

author

Бақытқали Оразов

СУРЕТШІ

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...