Адвокат Данильхан Шағатаев Air Astana компаниясына Fly Arystan қызметкерлері жас баланы ұшаққа кір...
Клод Моненің бағы қайта ашылды
Парижден 73 шақырым жерде орналасқан Дживерни қаласында француздың атақты суретшісі Клод Моненің ең құнды туындылары дүниеге келген бақ келушілерге қайта есігін ашты, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".
Баққа сән берген лотос, лала, азалия және сол сынды көптеген гүлдермен бірге, Жапон стиліндегі жаяу жүргіншілер көпірі, тоған су, барлығы, барлығы Моненің картиналарын еске түсіреді.
Дегенмен корона вирусына байланысты 6 айдан бері жабық тұрған Клод Моненің бағы белгілі бір шектеулерді қолға ала отырып, сағатына небәрі 200 келушіні ғана қабылдауға мәжбүр. Ал эпидемия басталғанға дейін бақ 7 айда 717 мың келушіні күткенін де айта кеткеніміз жөн.
"Мәдениет порталы" Клод Моне бағының ашылғанын қуана-қуана хабарлай келе, бірнеше фотоларын арнайы оқырман назарына ұсынады. Мархаббат!