Канн кинофестивалінде Қазақстанды кім таныстырады?

КИНО
2873

Мамыр айының 8-19 аралығында Халықаралық Канн фестивалі өтеді. Негізгі байқаудың қазылар алқасын австралиялық актриса Кейт Бланшетт басқармақшы. Биыл кинофестивальдің «Ерекше көзқарас» бағдарламасы бойынша қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың «Ласковое безразличие мира» картинасы қатысады деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі. Cinéfondation бағдарламасында біздің елдің атынан Жаннат Алшанованың «Конец сезона» фильмі қатысқалы отыр. Ал ACID бағдарламасында Ольга Коротьконың «Так себе зима» фильмі көрсетілетін болады. Marche du film кинонарығы аясында Short Film Corner бағдарламасы үшін Венера Қайыржанованың «Прятки», Берік Жахановтың «Асан» қысқаметражды картиналары ұсынылатын болады.

Француздық Méridien de Paris-дің мәліметіне сүйенсек, ресми ашылу рәсіміне Құралай Анарбекова («Брат или брак», «Жаужүрек мың бала») қатысатыны белгілі болды. Отандық актриса, продюсер Құралай Анарбекова әлемдік өнер жұлдыздарымен бірге қызыл кілемнен жүріп өтетін болады.

Құралай Анарбекова

Méridien de Paris агенттігінің продюсері Андре Ивановтың айтуынша, еуропалық компания Құралай Анарбековамен серіктес болғысы келетіндігін білдірген. «Біз Құралайдың потенциалына сенеміз және жас актрисаға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз», - дейді Андре Иванов. Сондай-ақ, продюсер қазақстандық актрисамен жаңа жобаларды бірлесіп жасауға дайын екенін және біздің елден Құралай алғашқылардың бірі болатынын да жариялаған. «Біз бірлесіп киноиндустрияда француз-қазақстандық бірнеше жоба жасауды жоспарлап отырмыз. Сонымен бірге, еуропалық кинофестивальдерде қазақстандық фильмдердің белсенді түрде атсалысуын және олардың Еуропаға таралуын қалаймыз»,- дейді продюсер.

Канн кинофестивалі аясында Қазақстанның Ұлттық павильоны жұмыс істейтін болады. Мәдениет министрлігінің мәліметінше, павильонда «Евразия» халықаралық кинофестивалінің тұсаукесері және бірқатар іс-шаралар мен кездесулер өтеді. Қазақстандық делегация құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері, шығармашылық интеллигенция, Қазақстанның кино және телевидение өкілдері, Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері кіреді. 

 Hôtel Barrière Le Majestic Cannes қонақүйі

                                                                    

9 мамыр күні Hôtel Barrière Le Majestic Cannes қонақүйінде «Канндағы қазақ кеші» атты ресми қабылдау өтеді. Салтанатты кеште ҚР Халық артисі Айман Мусаходжаева, қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген, «Академия солистов» мемлекеттің оркестрі және т.б. өнер көрсетеді.

madeniportal.kz


author

Құралай Анарбекова

АКТЕР

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...