“Нұрсұлтанды кешірдім!”: Актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-жұбайы мәлімдеме жасады

Фото: инстаграм парақшасынан

ЖАҢАЛЫҚТАР
2720

Актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-жұбайы Фариза Алмазқызы өзінен кешірім сұраған күйеуімен қайта бірге бола алмайтындарын айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Актердің бұрыңғы әйелі инстаграм әлецметтік желісінде арнайы жазба қалдырды. Ол жерде Нұрсұлтан Жақсыгеннің балаларымен жолыққаны, Фаризадан кешірім сұрағаны және алдағы уақытта қандай шешім қабылдағандары жазылған. 

Нұрсұлтанның сұхбатын, видеоларын, стористарын жібермеген адам жоқ шығар, бәрін көрдім. Астанаға келді, кешірім сұрады, балаларын көрді. Қайта қосылмаймыз! Нұрсұлтанды кешірдім! Өзім үшін, ішімдегін жіберу үшін. Бірақ артқа жол жоқ! Қайта бірге бола алмаймыз! Әркім өз жолымен кетті! Қосылыңдар деп артық әңгіме айтпаңыздар! Әркімнің ақылы өзіне! Осы сәуірде 1 жыл болады. Қанша уақыт өтті. Негізі үндемей қоя салайын деп едім, барлық пабликке шығып кеткеннен кейін шықпасқа амал болмады,- деп жазды Фариза Алмазқызы.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алдағы уақытта Қазақстан азаматтары Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан және Өзбекстанға шетелдік төлқұжа...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда полиция ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы қасақана жалған ақпарат берген 56 жастағы...