Қастеев музейінде «Уақыт және суретші» көрмесі ашылды

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ
2083

Мемлекеттік Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейінде Нұр-Сұлтан қаласының күніне арналған «Уақыт және суретші. Заманауи суретшілер туындыларындағы тәуелсіздік дәуірі» атты көрме ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24». Көрмеде отандық қылқалам шеберлерінің тың туындыларымен қатар өнер музейінің қорынан алынған 40-тан астам сурет қойылды.

Астана-Нұр-Сұлтан ажарын айшықтайтын көркемсуреттердің тақырыбы анық, бояуы қанық. Туындыларда елорданың зәулім ғимараттары мен әсем көшелері көркемделген.

Сонымен қатар ұлттық болмыс пен тарихи сананы жаңғыртатын  Қилыбаевтың «Жеті қазына», Садыхановтың «Қобыз сарыны», Әжібековтің «Адыраспан» туындылары – мазмұны терең тарихи шығармалар. Сонымен бірге Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Қарлығаш Қансейіттің жеке көрмесіндегі ондаған сурет осы «Уақыт және суретші» көрмесімен үндесіп, «Үндестік» деп аталған. Қылқалам шебері дәстүрлі сурет салу техникасы мен заманауи әдіс-тәсілдерді қатар қолданған.

 «Көптеген туындылар үлкен форматта, күрделі тақырыпта жазылып кеп, тарих қойнауында жатқан кезеңдерді қылқалам шеберлері жарық етіп шығарғандай болды осы Тәуелсіздіктен кейін. Жалпы, бұл жерде тәуелсіз ойдың пайда болуы, өнер адамдарының шабыттарының шарықтау кезеңі болып табылады», - дейді ғылыми қызметкер Лаура Әбілдаева.

madeniportal.kz

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...