Жұмақын Қайрамбаевтың «IZDER IV: ПЕРІШТЕ ІЗІ» атты топтық көрмесі ашылды

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ
1982

2023 жылғы 27 қазанда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Ұлттық музейде ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Жұмақын Қайрамбаевтың 70 жылдық мерейтойына арналған «IZDER IV: ПЕРІШТЕ ІЗІ» атты топтық көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі.

Көрменің мақсаты – Жұмақын Қайрамбаев және оның шәкірттерінің шығармашылығы негізінде тәуелсіздік алғаннан бері өнердің серпінді эволюциясын көрсету.

Көрмеге Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров, Астана халықаралық университеті дизайн факультетінің деканы Саят Ыбырай құттықтау сөз сөйлеп,  суретшінің өнердегі үзеңгілес әріптестері мен бір топ өнертанушылар Жұмақын Қайрамбаев туралы жылы лебіздерін білдірді. 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанарбек Әшімжан: «Жұмақын Қайрамбаев – қазақ бейнелеу өнерінің шебері. Біз оны қазақ бейнелеу өнерінің классигі қатарына жатқызамыз. Оның картиналарының барлығы жақсыдан өнеге алуға бағытталған пәлсапалық эсселерден тұрады. Жұмақын аға дәстүрлі өнер мұраларын бүгінгі кескіндеме мүмкіндіктерімен қатар меңгерген шебер. Туындыларының басым көпшілігі патриоттық сезімін оятатын тылсым күшке ие». 

Еуразиялық дизайнерлер одағының төрағасы, профессор Ермек Асылханов: «Қазіргі кезде Жұмақын Қайрамбаевты біз заманауи Қазақстандағы классикалық академизм дәстүрі бойынша еңбектеніп жүрген суретші-қайраткер деп білеміз»,- деді. 

Көрмеге суретші мен оның шәкірттерінің 58 дана жұмысы қойылып, 2023 жылдың 4 желтоқсан күніне дейін 4-ші қабаттағы Уақытша көрме залында халық назарына ұсынылады. 

Жаңалықтар

Абай облысында әскери қызметкерді өлтіру ісі бойынша сот үкімі шықты. Үржар аудандық қорғаныс істері...

Жаңалықтар

Биліктегі «Грузин арманы – демократиялық Грузия» партиясының кандидаты, парламен...